Меню

Galaxу Mile!

«Жақсылықтың жаршысы» болып күздің соңғы айы “Galaxy” халықаралық мектебі үшін белсенді іс-шарамен толықты. Қарашаның 3 күні Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімдігінің қолдауымен Сайран көлінің жанында “Galaxу” Халықаралық мектебі жүгіруден марафон өткізді.  

Мектеп ұжымы мен ата-аналар және оқушылар белсене атсалысып, қатысқан бұл марафонның басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» аясында Елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауына сәйкес қайырымдылық іс-шарасын өткізу. Іс-шараға электронды түрде 150 адам тіркеліп, 118-і қатысты.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мақсат етіп қойған “Galaxу” халықаралық мектебінің оқушыларын салауаттылыққа да тәрбиелеп отырғандығына осы өткізілген шара дәлел болды. Марафонға белгіленген талаптар төмендегідей: 2 шақырым: 10-14 жас аралығы. 4 шақырым: 15-34 жас аралығы, 35-49 жас аралығы, 50 жас аралығы.

Іс-шара таңертең қатысушылардың дене қыздыру жаттығуларымен басталып, жүгірумен жалғасын тапты. Мектеп ұжымы мен ата-аналардан және оқушылардан тұратын қатысушылар үлкен дайындықпен, саналы жауапкершілікпен келгендері байқалды. Іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, әрбір қатысушының көңілінен шықты.

Сөреден мәреге дейін жол нұсқаушы белгілер мен посттар қойылған. Қатысушылар мәре сызығына келіп жеткеннен кейін оларға ыстық шайлар үлестірілді.

Поделится